Алматы қаласында «Әмiре» фильмне арнайы көрсетілім өтті

Алматы қаласында «Әмiре» фильмне арнайы көрсетілім өтті

Қазақ тенорының 130 жылдығына орай Алматыда «Әміре» фильмінің арнайы көрсетілімі өтті. Фильмді қолдауға және ұлы бабаларымыздың есімін құрметтеп келген қонақтарының арасында эстрада жұлдызы Мейрамбек Беспаев, ақын Бақыт Беделхан, продюсер Сержан Молдасан, кинорежиссер Айман Нуражан болды.

«Әміре» - атты, Қазақ ән өнерінің мақтанышы, жезтаңдай әнші, xалқымыздың өнерін күллі әлемге паш еткен,аты аңызға айналған нар тұлға - Әміре Қашаубаевтай атамыздың өмір жолына арналған көркем фильмнің зиялы қауым үшін арнайы ұйымдастырылған көрсетілімінде», - деді композитор және продюсер Арман Дүйсенов.

«Соңғы жылы қазақ киносы көп түсірілді. Оның басым бөлігі – жеңіл тақырыптарды қамтиды. Ал тарихи кинолар аз екендігі белгілі. «Әміре» фильмі жарық көргенін естіп, көруге бардым. Ұнады. Біріншіден, тарихи тақырып. Екіншіден, өнер жайлы. Қазақ өнерінің тарихы жайлы. Үшіншіден, сапалы картина. Одан кейін, актерлердің шеберлігі. Әрине, сын айтатын тұстары да бар. Бірақ, «Сын түзелмей, мін түзелмейді» емес пе? Сондықтан, осы фильмнен кейін де керемет туындылар жалғасады деп сенемін»,-  деді  әнші Мейрамбек Беспаев. 

«Бүгін Әміре Қашаубаевтың 130 жылдығына орай Әміре атамыздың әруағына тағзым ретінде түсірілген "Әміре" атты фильмді екінші мәрте көріп қайттық.Руxани толғанысқа,ерекше сезімге толы фильмді бастан аяқ бір деммен отырып көрдік.Руxты көтеріп,көзден жас шығарып,күндестіктің киімін киген образдарға ызаланғаннан эмоцияны жасыра алмай отырған кезім де болды. Бір сөзбен айт қанда әр қазақ көретін керемет фильм»,- әнші Жігер Ауыпбаев  фильм туралы айтқан болатын.